Басты бетЖаңалықтарБас прокурор:...

Бас прокурор: Дикий Арман ҰҚК-ның үйлестіруімен әрекет етті

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы мен оның орынбасарларының тергеуге алынғанын білесіздер. Басқа ақпаратты жариялай алмаймын. Бірақ 2021 жылы жасырын түрде орындаушыларды даярлау жұмыстары жүргізілгенін айта аламын. Олардың ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтар бар, — деді Асылов қаңтар оқиғасына арналған мәжілістің жалпы отырысында.

Бас прокурордың айтуынша, қылмыстық топтар адам жинап, қару-жарақ таратқан. Рацияларды алдын ала сатып алған. Көлік берілген.

Күш құрылымының өкілдері осы жұмысты үйлестіріп отырған. Мәселен, тергеу мәліметі бойынша Алматыда Жұмагелдиевке ерекше рөл берілді. Біз оның ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі куратордың үйлестіруімен әрекет еткенін анықтадық. Ол жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырып, тобырды өз бақылауына алуға міндетті болған. Одан кейін «халық кеңесін» құрып, билікке бірыңғай ультиматум қоюға тиіс болған, — деп түсіндірді Асылов.

Тергеуге сәйкес, Дикий Арманға мәслихаттың экс-депутаты Мақатов белсенді түрде көмек көрсеткен.