Асылов: Бұрынғы қорғаныс министрі заңсыз бұйрық берді

Оның айтуынша, әскери сотта бұрынғы қорғаныс министрі Бектановтың ісі бойынша тыңдаулар жалғасып жатыр.

Тергеу ол төтенше жағдай кезінде заңсыз бұйрықтар беріп, стратегиялық нысандарды әскерилердің қорғауынсыз қалдырған деп есептейді. Бұрынғы қорғаныс министрі елдегі конституциялық тәртіпті қалпына келтіру шараларын қабылдамаған, — деді Берік Асылов.

Бас прокурор тәртіпсіздікке қатысушылардың саны Алматыда әлдеқайда басым болғанын атап өтті. Олар қоршауды бұзып, полиция мен ұлттық ұланның күштерін жаншып, халықты үрейлендірген.

Соның салдарынан адамдар қылмыскерлердің қолынан қаза тапты, қалалар тоналды және өртке оранды. Сондықтан Бектанов ұрыс жағдайында билікті асыра пайдаланды (қылмыстық кодекстің 451-бабының 3-бөлігі) деп айыпталып отыр. Оның әрекетіне қатысты құқықтық баға беру мен жаза шарасын сот анықтайды, — деп түйіндеді ол.