Елімізде бір тәулікте жолда қалған 690-нан астам адам құтқарылды

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жолдардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық штаб құрылды, мұндай штабтар облыстарда да (Абай, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл және Жетісу облыстары) жұмыс істейді. Бақылау бекеттерінде 1 000-нан астам көлік жиналып қалған. Тәулік ішінде құтқару бөлімшелері 691 адамды құтқарып, эвакуациялады. Соның ішінде 137 бала бар, 145 техника қар құрсауынан шығарылды.

Тұрғындарды эвакуациялау үшін жолдардың жабық учаскелерінде уақытша жылыту пунктері ұйымдастырылған, сонымен қатар эвакуациялау техникасы дайын тұр. Уақытша жылыту орындарында 179 адам болса, оның 16-сы балалар.

ТЖМ, эвакуация, боран
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Тұрғындарды ауа райының қолайсыздығы туралы ескерту мақсатында 232 смс хабарлама, «Дәрмен» мобайл қосымшасы арқылы 114 хабарлама жіберілген.

Құтқару жұмыстарына барлығы 4 мыңға жуық адам мен төтенше жағдайлар министрлігі, жергілікті атқарушы органдар және ішкі істер министрлігінің 1 300-ге жуық техника бірлігі жұмылдырылған. Республикалық жедел-құтқару жасағының күштері Түрген шатқалынан Алматыға 37 көлікті шығарып салып жатыр, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да