Президент әйгілі футболшы Пеленің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Мемлекет басшысы футбол тарихындағы ұлы спортшылардың бірі ретінде оның футболды бүкіл әлемге танытуға зор үлес қосқанын атап өтті.

Президенттің айтуынша, Пеле әрқашан футболға деген адалдықтың символы әрі жанкүйерлердің сүйікті футболшысы болды және солай болып қала береді. Сонымен қатар ол спорттың осы түрін ең жоғары деңгейге көтерді.

Айта кетейік, бразилиялық атақты футболшы Пеле 82 жасында өмірден өтті.