24 желтоқсан күні Қазақстанның танымал әншілері бірлесе шырқаған Jusan: Senimmen әні жарыққа шықты. Бүгінге дейін әнді жүздеген мың тыңдарман бағалап үлгерді. Оған себеп жоқ емес. Өйткені рухты әнді еліміздің ең танымал артистері мен жас та болса, талантымен көзге түсіп жүрген әншілер орындайды. Атап айтсақ, Moldanazar, Aldiyar, Darkhan Juzz, Ayau, Dequine және De Lacure клипте бой көрсетеді.
Jusan: Senimmen әні — қазақстандық музыканттар мен стриминг платформалар көшбасшыларының бірлескен жұмысы. Орындаушылардың қайталанбас дауысы және заманауи дыбыс пен электр домбыраның синтезі тыңдап отырған адамды тебірентпей қоймайды. Тректің мақсаты да осы – туған өлке туралы ән шырқап, оның шексіз-шетсіз даласынан шабыттану. Әннің шығуына Jusan себепші болған әрі бұл трек ұжымның әнұранына айналғандай. Осы әнді жарыққа шығарып, қазақстандықтарға Жаңа жылда сый жасағымыз келді дейді компания өкілдері.
«Барлық қазақстандықтың көңілінен шығатын және әрқайсының шынайы сезімін оятатын композиция дайындау идеясы келді. Осылайша құндылықтарымыз ортақ достарымызбен ынтымақтастық жасалды. Осы іске өзіміз сияқты халқымызға сенім артатын кәсіпқойлардың кіріскенін қаладық. Композитор Дидар Исаханның шеберлігі арқасында тректің әр нотасы қазақ халқының рухын және туған өлкенің симфониясын жеткізеді. Ал Қуаныш Бейсек әннің мән-мағынасын ашатын клип түсірді. Бейнероликті жасауға атсалысқан командаға алғысымызды білдіреміз!», — деді Jusan бренд-менеджері Әсем Зәмзәм.
Расында Jusan: Senimmen әнінде симфоникалық аспаптар мен қазақтың домбырасының үні әдемі үйлесім тапқан. Оған әншілердің орындауы мен рэп партиялары қосылғанда тарих пен бүгін бір арнаға тоғысқандай сезіледі. Әннің сөздері тыңдарманды достыққа, елге, жерге деген махаббатты сақтауға және өткенді ұмытпай, бүгінгі мүмкіндіктерді жіберіп алмауға шақырады. Жаңа жылдың қарсаңында әдемі тілектер де айтылды. Ән шумақтарында қазақтың «аузыма май», «бәрі жақсы болсын», «жеріміз жерұйық», «басқа бақ қонсын» сияқты сөз тіркестері мен «берілме, нық қадамда» сынды жігерлендіретін сөздер де бар.
Режиссер Қуаныш Бейсектің сөзінше, жоба оны осындай этникалық мәнімен баурап алған. Сондықтан Қуаныш музыкамен бірге бейнебаянда да этникалық кодты сақтағысы келген.
«Идея маған тиесілі, ал қалған барлық көркемдік шешім қоюшы ұжымдікі. Сюжет қарапайым әрі қызық. Бір жағынан барлық жаңалыққа ашықпыз, бірақ өзіміздің бірегейлігімізді ұмытпаймыз. Осылайша «Әлемге ашық бол, мәдениетіңді насихатта, оны мақтан тұт. Бірақ біздің өмір салтымыз бен мәдениетіміз – біздің артықшылығымыз» дегенді айтқымыз келеді», — дейді режиссер Қуаныш Бейсек.
Ән орындаушыларының бірі Ғалымжан Молданазар командамен бірден кірісіп кеткенін айтады. Себебі бәрінің тақырыбы ортақ. Ол – тыңдарманға деген сенім.
«Мен сол тыңдарманға деген сенімді ұстануға тырыстым. Түсіру барысында ерекше шабыт алдым. Әсіресе кадрда бүркітпен бірге жұмыс істеу қызық болды», — дейді Moldanazar.
Туындының тағы бір ерекшелігі ретінде орындаушы Dequine-нің екі тілде бірдей ән шырқағанын айтуға болады. Жақында Қазақстанға келген ол мұндай тәжірибе өзіне ұнағанын айтты. Әсіресе түрлі мәдениет бір шығармаға тоғысқаны ерекше болды деп есептейді.
«Шығармашылығымда алғаш рет әнді қазақша да айттым. Бұл шешімді оңай қабылдадым. Әнді өз тарихыңды, мәдениетіңді ұмытпай екі тілде орындай алу мүмкіндігі ұнады», — деді Dequine.