Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 464 – 467, 5 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 465 – 469 теңге аралығында құбылып тұр. 23 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4, 78 теңгеге төмендеп, 461, 89 теңге болған.
Ұлттық банктің 26 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 461, 97 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6, 81 теңге болды.
Айта кетейік, қор нарығында доллар мен рубль арзандап жатыр.
