6 жасқа толған балалар балабақшадан шығарылмайды — министр

Мектепке дейінгі ұйымда бала 6 жасқа толған күннен бастап қаржыландырудың тоқтатылуы, жеткіншектерді мектепке дейінгі ұйымнан және мемлекеттік білім беру тапсырысынан шығаруға ведомствоның нормативтік-құқықтық актілерінде ондай заңнамалық негіз жоқ екенін хабарлаймыз», делінген Аймағамбетовтің Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында.

Оның айтуынша, балабақшадағы тәрбие мен оқыту саласындағы қызмет нақты реттелген. Министр бала құқықтарын бұзу фактілері анықталса, қатаң шара қабылдауға дайын екенін ескертті.

Жергілікті атқарушы органдар немесе балабақшалар жағынан мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту немесе қаржыландыру бөлігінде заңнама нормаларының бұзылғанын растайтын фактілер болған жағдайда, министрлікке хабарлауды сұраймыз. Балалар құқықтарын бұзу және оларды мектепке дейінгі ұйымдардан шығару жөніндегі депутаттық сауал үшін негіз болған фактілер анықталғанда, министрлік қатаң шаралар қабылдауға әрі баланың білім алу құқығын қалпына келтіруге дайын», — деп жазды министр.