Басты бетЖаңалықтарАлматыда қаңтар...

Алматыда қаңтар құрбандарына арналған «Тағзым» мемориалы ашылды

Мемориалдың ашылу салтанатына президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен қала әкімі Ерболат Досаев қатысты.

2022 жылдың жазында қазақстандық сәулетшілер Алматыда өткен XVII қала құрылысы форумы аясында Алматыдағы қаңтар оқиғасына арналған мемориалдың эскиздерін ұсынды.

қаңтар құрбандарына арналған "Тағзым" мемориалы
Фото:t.me/qazaqstantv

Естеріңізге сала кетейік, Жаңаөзен мен Ақтауда газ бағасы көтерілгеннен кейін басталған бейбіт митингілер Маңғыстау облысында бейбіт жолмен аяқталды.

Алматыда және басқа өңірлерде наразылықтар қайғылы жағдайға әкеліп соқты. Қазақстан билігі наразылықтарды мемлекеттік төңкерісті ұйымдастыруға тырысқандар пайдаланды деп мәлімдеді. Жаппай тәртіпсіздік кезінде 238 адам қаза болды.

қаңтар құрбандарына арналған "Тағзым" мемориалы
Фото:t.me/qazaqstantv