Алматыда тегін мұз айдындары ашылды

Олар мына мекен-жайларда орналасқан:

  • Тұңғыш президент саябағының алдында;
  • Республика сарайының алдында;
  • Әуезов ауданында Ықылас 8 д мекенжайы бойынша, Таугүл ш/а;
  • Шұғыла шағын ауданы, 347 мекенжайы бойынша Наурызбай ауданы әкімдігінің алдында.

Келесі аптада Түрксіб ауданы Сейфуллин, 13 мекенжайы бойынша №6 Оқушылар үйінің алдында және Жетісу ауданындағы «Гүлдер» саябағында мұз айдындары ашылады.

Кіру – тегін, конькиді жалға алу құны (2 сағат) — 1 000 теңге. Конькимен келгендерге тегін. Жалға беру пункттері жұмыс күндері 10:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін ашық болады.

Айта кетейік, мұз айдындары тәулік бойы жұмыс істейді.