Алматыда бас шыршаның шамдары жағылды

Негізгі шара 22 метрлік шырша орнатылған «Абай» алаңында өтті. Салтанатты рәсімге Жаңа жылдың ертегі кейіпкерлері – Аяз ата мен Ақшақар қатысты.

Жаңа жылдың басты символының биіктігі –22 метр. Бас шырша жарықдиод гирляндалармен және жаңажылдық 350 ойыншықпен безендірілген.

жаңа жыл
Фото: Алматы әкімдігі

Эстрада жұлдыздары қатысқан бұл шара қала бойынша жаңажылдық іс-шараларды бастауға мүмкіндік берді. Қаланың бас шыршасымен бір мезетте барлық ауданда орнатылған шырша шамдары жанды. Алматылықтар мен қала қонақтары үшін қысқы фестиваль форматында тақырыптық жаңа жылдық іс-шаралар ұсынылады.

Фестиваль аясында 15 күн бойы қазақстандық өнім өндірушілердің сыйлық жәрмеңкелері өтеді, гастроаймақтар, шеберлік сыныптары, конкурстар, кешкі кино көрсетілімдері және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады.

Әр локацияның түрлі жас топтарына бағытталған өзіндік ерекше бағдарламалар болады.

жаңа жыл
Фото: Алматы әкімдігі