Мемлекет басшысы Halyk Bank басшыларын қабылдады

Мемлекет басшысына банктің қазіргі қызметі, даму перспективалары, сонымен қатар отандық бизнеске қолдау көрсету, Қазақстанның шет мемлекеттермен экономикалық және іскерлік байланыстарын кеңейтуде топтың әлеуетін пайдалану жөніндегі ұсыныстары жөнінде баяндалды.

Банктің экономикадағы нақты секторды несиелендіруіне, цифрлық қызметтерді әзірлеу және енгізу мәселелері жөнінде мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекетіне, сонымен қатар әлеуметтік жобаларды іске асыруына ерекше назар аударылды.

Александр Павлов пен Үміт Шаяхметова мемлекет басшысын стратегиялық жоспарлармен таныстырды, Halyk Bank-тің мемлекеттің қаржылық инфрақұрылымын қалыптастыруға қатысуы, Halyk тобының экономиканың нақты секторын кредиттеудегі ұстанымдары, цифрлық қызметтерді әзірлеу және енгізу жөніндегі мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимыл, еуразиялық өңірде, оның ішінде қатысушы елдерді (Ресей, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан) және China Citic Bank-пен стратегиялық серіктестікті қоса алғанда, қаржылық және цифрлық хаб ретінде топтың іске асырылған әлеуметтік жобалары туралы айтып берді.

Біз мемлекет басшысына Halyk Bank-тің Қазақстан экономикасын несиелендірудегі орны, шетелдік инвесторлар тарапынан күшті халықаралық ұстанымдар мен сенім туралы егжей-тегжейлі хабарладық. Заңды тұлғалардың кредиттері бойынша елеулі үлес (52%), квазимемлекеттік сектор компанияларымен белсенді жұмыс, кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларындағы көшбасшылық туралы айтып бердік. Біз топтың мүмкіндіктерін, оның аймақтық өкілдігін пайдалана отырып, мемлекет пен бизнестің өзара іс — қимылы туралы көзқарасымызбен таныстырдық, — деді Александр Павлов.

Үміт Шаяхметованың айтуынша, Halyk — стейкхолдерлердің барлық санаттары, соның ішінде мемлекет үшін сенімді және уақытпен тексерілген серіктес, ол тұрақтылық пен өсу кезінде де, түрлі дағдарыстар мен төтенше жағдайлар кезінде де тиімді жұмыс істеу қабілетін бірнеше рет айқын көрсетті.

Бүгінгі таңда Halyk цифрлық экожүйесі — бұл жеке тұлғалардың 9 миллионнан астам белсенді клиенттері, Қазақстанның ірі компанияларының 80%-і. Осы жылдың өзінде Halyk цифрлық платформалары арқылы мемлекеттік қызметтер 10 миллионнан астам рет пайдаланылды. Соңғы жетістіктердің бірі — ҚМГ IPO нәтижелері, онда жалпы өтінімдердің 71%-і Halyk тобының қосымшалары арқылы берілген. Бұл топтың мемлекеттік бастамалардың заманауи серіктесі ретіндегі рөлін тағы да растайды, — деді Үміт Шаяхметова.

Halyk тобының өкілдері мемлекет басшысына кездесу үшін алғысын білдірді, сонымен қатар кредиттеу нарығын одан әрі дамыту және отандық экономиканы қаржыландыруды ынталандыру жөнінде бірқатар ұсыныстар енгізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы тобының қызметіне оң баға берді. Бизнесті қолдаудың және Қазақстан экономикасын қаржыландыруды ынталандырудың өзектілігі мен стратегиялық маңыздылығын атап өтті.