Қазақстанда 7 миллионнан астам адамның берешегі бар

Оның қатарында, несие, микрокредиттік агенттіктер алдындағы қарызы, коммуналдық төлем мен алимент бар.

Бүгінде елімізде 7 миллионнан астам борышкер бар. Олар тек банк пен коллекторлық агенттіктерге қарыз емес, коммуналдық төлемдер, алимент бойынша да берешектері бар азаматтар. Ал банктер мен микрокредиттік агенттіктердің алдында 1,5 миллион адам берешек. Төлемді өтеу мерзімі 3 айдан асып кетсе, ол азамат берешектер тізіміне енгізіледі. Берешек бойынша мәселені кірістер комитеті сотқа жеткізбей шешу амалдарын ұсынады. Нәтиже болмаған жағдайда сот арқылы шешуге тура келеді, — деді вице-министр сенатта өткен дөңгелек үстел барысында.

Оның айтуынша, қазақстандықтардың дені несие бойынша берешек.

Берешегі көп өңірлер қатарында Түркістан, Алматы облысы және ШҚО бар. Аталған өңірлерде халық саны көп, сондықтан да қарызданушылар молынан шоғырланған, — дейді ол.

Парламент сенатының депутаты Сұлтанбек Мәкежановтың мәліметінше, бүгінде 3 миллионға жуық адамның коммуналдық төлем бойынша 20 миллиард теңге қарызы бар. Одан бөлек, 791 мың адамның 20 миллиард теңгеге салық қарызы өтелмеген.