Министр кімдер үстемақы алатынын айтты

Қазіргі кезде президенттің атына құтқарушылардың жалақысын көтеру туралы хат жіберілді. Соның ішінде төтенше жағдайдың деңгейіне қарай үстемақы төлеу шаралары да бар.

2023 жылдан бастап біздің қызметкерлеріміздің жалақысын көтеру жоспарланып отыр. Ал төтенше жағдайда жою кезінде жұмыстың ауырлығына қарай қосымша үстемақы төленеді, — деді Ильин сенатта өткен брифингіде.

Министрдің айтуынша, қазақстандық құтқарушылар шетелде төтенше жағдайды жоюға жіберілсе де, үстемақы төлене береді. Ал оның көлемі жалақының 20% құрайды.

2023 жылдан бастап жалақыны көтерсек, онда аса ауыр жұмыстар үшін үстемақының мөлшері, шамамен, күніне 30 мың теңге болады, — деп атап көрсетті Ильин.