Ажар Ғиният: Маусымдық вирустар өршіп тұр

Бүгінгі таңда бүкіл вирустық аурулардың өсімі байқалып отыр. Оның ішінде тұмау да бар. Маусымдық вирустардың бәрі бас көтеріп алды. Қазір шектеу шаралары болмағандықтан, адамдар маска киіп жүрген жоқ. Былтырғыдан қарағанда өсім бар екенін көріп отырмыз. Бізде «А» және «В» тұмауы тіркелген. Басқа түрлері тіркелген жоқ, — деді ол.

Министрдің сөзінше, маусымдық бактериалдық инфекциялар да өрши бастаған.

Былтырғымен, пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырсақ, скарлатинаның өсімі бар. Екі жыл бойында, негізінен балалар, бұл аурумен ауырған жоқ. Сондықтан ауруды өткермеген, иммунинеті жоқ буын пайда болды. Сондықтан балалар арасында ауа тамшы инфекциялары өсіп отыр, — деді Ажар Ғиният.