Президент Грузиядағы Қазақстан елшісіне бірқатар міндет жүктеді

Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Әңгімелесу барысында президент Грузиямен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәлік Мырзалинге екі ел арасындағы сауда-экономикалық, көлік-логистикалық қатынастарды жандандыру жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.