Астана LRT-дағы ұрлық бойынша Тасмағамбетов тексеріліп жатқан жоқ

Бас прокуратура бұл мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды, — делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске салайық, бір күн бұрын Telegram-дағы кейбір каналдар бас прокуратураның ведомствоаралық тергеу-жедел тобы Тасмағамбетовтің «Астана LRT» жобасындағы жемқорлыққа қатысы бар болуы мүмкін деген себеппен «тексере бастады» деп жазған.