Қазақстанда 2 мыңға жуық адам коронавирустан емделіп жатыр

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, оның 263-і пациент — стационарда, 1 586-ы — амбулаторияда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 7 адамның жағдайы ауыр;
  • 4 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Еске салайық, кеше, 10 желтоқсанда 218 адамнан коронавирус анықталып, бір адам қайтыс болған еді.