Басты бетЖаңалықтарЖеңіс Қасымбек...

Жеңіс Қасымбек Астана әкімі болып тағайындалды

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Астана әкімі лауазымына тағайындалсын, — делінген жарлықта.

Жеңіс Қасымбек 44 жаста, Жамбыл облысының тумасы. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын «сәулетші-дизайнер» мамандығы бойынша бітірген. 2001 жылы Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы ҚазБСҚА-да тағылымгер-зерттеуші болып бастаған. 1998 жылы «Темірбанк»ААҚ бас маманы болды.

1998-2000 жылдары — ҚР монополияға қарсы саясат жөніндегі комитетінің бөлім басшысы.

2000-2004 жылдары — ҚР ККМ су көлігі департаментінің директоры.

2004 жылдан 2005 жылға дейін — «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК директоры.

2005 жылғы қарашада Көлік және коммуникация вице-министрі болып тағайындалды.

2009 жылдың наурызынан бастап Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы болды.

2014 жылдың наурызында көлік және коммуникация министрі болып тағайындалды.

Еске салайық, Жеңіс Қасымбек 2019 жылдың қыркүйегінде Қарағанды ​​облысының әкімі болған еді. Бүгін оның қызметінен кеткені белгілі болды.