Президент бизнесті тексеруге мораторийді ұзарту туралы жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» құжатқа қол қойды.

Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы»;

1-тармақта:бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

1. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылауды барып жүргізуді тоқтатсын, оған мыналар қосылмайды:

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

2-1) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерулер;

Жарлық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.