2017 жылдың көктемінде қандай киімдер сәнде болады?

Жасыл мен күрең қызыл түстер

Биылғы жылдың көктем және жаз айларында сәнде болатын түстер — жасыл мен күрең қызыл. Құралай Нұрқаділованың ойынша, осы түстердің кез келген реңкі бір-бірімен үйлеседі, әрі сәнде болады.

«Осы екі түстің үйлесімі, сөзсіз, сәнде болады. Мысалы, таңқурай қосылған бургунд шарабының түсіндегі жейде мен бөтелке түстес жасыл белдемше киюге болады. Осы образға үйлестіріп сөмке мен туфли қосыңыз»,-дейді дизайнер.

Жаз мезгілінде монохромды түстер сәнге айналады. Ол кез келген түстің ақшыл реңкіндегі киімдер.

Көктем-жаз 2017 сән

«Қараны сұйылтамыз»

Қара түс ықылым заманнан бері сәнде, алайда биыл оның реңкін сұйылтуымыз керек. Себебі 2017 жылдың жазы соны талап етеді. Ашық реңкті киімдерге қанық түсті шарф сияқты аксессуар тақсаңыз, образыңыз ашыла түспек.

Көктем-жаз 2017 сән

«Қарапайым қара киіммен көгілдір немесе сары түстер сияқты кез келген қанық түсті аяқ киім киюге болады. Бұл сәнді, әрі назар аударуға тұрарлық», -дейді сәнгер. 

«Металлды» киімдер

Сән өндірісі сарапшысының айтуынша, күміс, алтын, қола сынды металл түстес киімдер де сәнде болады.

«Бастан-аяқ солай киінуге болады. Немесе осындай туфли мен сөмке алыңыз. Мысалы, қарапайым джинсы мен майка киіп, аяғыңызға күміс түсті туфли таңдаңыз», — дейді Құралай Нұрқаділова.

Көктем-жаз 2017 сән

Жаклин Кеннедидің стилі

Сәнгердің айтуынша, 40-60-жылдардағы Голливуд стилі — Жаклин Кеннедидің стилі қайта оралады. Тіпті сол кездегі шаш үлгілері мен аксессуарлары, қарапайым көйлек немесе қара түсті белдемше мен водолазка қайтадан сәнге айналады.

Елтаңбасы бар киімдер

Құралай Нұрқаділованың ойынша, қазір елтаңбасы бар кез келген киім сәнде: жилеттер, қарапайым спорттық костюмдер, жейделер… Оның матасы әртүрлі: барқыт, мақпал, күдері болуы мүмкін. Әйтеуір елтаңбасы болса болды. Бұларды кез келген киіммен киюге болады.

Көктем-жаз 2017 сән

«Тіпті қоңыр салқын кештерде де осындай жакеттер сәнді көрінеді. Мысалы, осындай пиджак киіп, ішінен водолазка немесе матростың майкасын, астына ақ түсті шалбар киюге болады. Бұл образ сәнді, әрі қымбат көрінеді. Ал егер ішіңізден водолазка кисеңіз, шалбарды аяқ киімнің қонышына салып қоюға болады. Бұл ағылшын ханшайымының стилі», — дейді сәнгер.

Аксессуарлар — гардеробтың маңызды бөлшегі

Түрлі өлшемдегі сақиналар, сағаттар мен білезіктерді қорықпай ала беріңіз. Себебі сәнгердің ойынша, сағатпен бірге бірнеше білезік тағу, барлық саусаққа сақиналар тағу сәнді көрнеді. Сондай-ақ, күміс пен алтын түстес алқаларды бірге тағуға болады. Егер образыңызда металл түстес бөлшектер болса, сондай реңкті аксессуарлар оны толықтыра түспек.

Көктем-жаз 2017 сән

Платформалы туфли сәнде емес

«Платформалы туфлилер сәннен шығып барады. Қазір үшкір басты, жіңішке өкшелі аяқ киімдер сәнде. Мәселен, Жаклин Кеннедидің стиліндегі 3-4 сантиметрлік өкше барлық пішінге әдемі жарасады. Егер оны қара көйлекпен үйлестірсеңіз, тіпті керемет! Алайда, сіздің киіміңізге платформалы туфли жарасып тұрса, соны киіңіз. Ондай кезде бұл образ сіздің стиліңіз болады!» — дейді сәнгер Құралай Нұрқаділова.

Көктем-жаз 2017 сән

ДереккөзBnews.kz