Басты бетЖаңалықтарДикий Арманды...

Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі тағы 1 айға ұзарды

Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 қаңтарына дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды, — деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.

Еске салайық, 7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.