Алдағы жылдары қандай компаниялар IPO-ға шығарылады?

Оның айтуынша, қор мына портфельдік компанияларды IPO/SPO-ға шығаруды жоспарлап отыр:

  • 2023 – 2024 жылдары – «Эйр Астана», «KEGOC» және «Самұрық-Энерго» жасыл активтерінің портфелі (QazaqGreenPower plc жобалық компаниясы);
  • 2024 – 2025 жылдары – ҚазақГаз; 2025 жылы – Қазақстан темір жолы.

Бұған дейін «Самұрық-Қазына» қоры ҚазМұнайГаз компаниясын IPO-ға шығарған болатын. Оның қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардан барлығы 153,8 миллиард теңгеге 129,9 мың өтінім түскен.

Соның ішінде қарапайым азаматтар акция сатып алуға 74,6 миллиард теңгеге 128,7 мың өтінім берді. Компанияның бір акциясы 8 406 теңгеден сатылды.