Бірнеше өңірде мектеп оқушылары онлайн оқу форматына көшті

Қарағанды мен Теміртау, Жезқазған қалаларындағы мектептерде 0-9 класс оқушылары онлайн оқиды.

Сонымен қатар Ақмола облысы Целиноград ауданындағы 0-11 класс оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Бұдан басқа Абай облысында да 6 желтоқан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір аудандарда сабақ онлайн форматта өтеді.

Семей қаласында 1 ауысымда оқитын 1- 9 класс оқушылары үшін сабақ қашықтық форматқа ауыстырылады. Аягөз, Жарма, Бородулиха аудандарында 1 ауысымда 1-4 кластарда сабақ қашықтан оқытылады. Бесқарағай ауданында барлық мектептер қашықтық форматқа ауыстырылды. Қалған аудандарда сабақ штаттық режимде өтеді.