Абай облысында жертөледегі жасырын цехте алкоголь өндірілген

Өңірдің полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері алкогольді заңсыз дайындайтын жасырын цехтің қызметін тоқтату бойынша арнайы операция өткізді.

Контрафактілі алкогольді 57 жастағы Семей тұрғыны жертөледе жабдықталған цехте дайындаған. Ол спиртті қолмен құю желісін жасақтаған. Полиция қызметкерлері әртүрлі көлемдегі 12 канистрге құйылған 1 500 литрден астам алкогольді тәркіледі. Оның жалпы құны 2,5 миллион теңгеден асады, — делінген хабарламада.

Заңсыз өнім үлгілері физика-химиялық сараптамаға жіберілген.

Бұл факті Абай облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тіркеліп, жіберілді, — деді Абай облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Асет Шахантаев.