Екібастұзда төтенше жағдай режимі қашан алынады?

Төтенше жағдай режиміне сәйкес барлық жұмыс біткен соң тиісті шешім қабылданады, — деді Екібастұз әкімі Аян Бейсекин жедел штаб ұйымдастырған баспасөз мәслихатта.

Одан бөлек, қала басшысы қиын жағдайда қол ұшын созып жатқан барлық азаматқа алғысын айтты.

Көмегін ұсынып жатқан қала және ел тұрғындарына мың алғыс. Өте көп қоңырау келіп түсіп жатыр. Жанашыр жандардың қолдауын сезіп жатырмыз. Amanat партиясының өңірлік филиалы жанынан гуманитарлық штаб құрылды. Көмектің дені сонда келіп жатыр, — дейді ол.

Еске салсақ, 28 қарашада Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды.