Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтерді

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,75%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Бұл шешім болжамдар мен нақты деректердің талдауына негізделді. Оған геосаяси жағдайдың белгісіздігі мен салдары, сонымен қатар әлемде азық-түліктің жоғары бағалары сақталып отырған сыртқы ортаның факторлары негіз болды, — делінген хабарламада.

Ұлттық банк базалық мөлшерлеменің қазіргі деңгейін жеткілікті жоғары деп бағалап отыр.

Базалық мөлшерлемені ұзақ уақыт бойы бүгінгідей мәндерде сақтау инфляцияны тұрақтандыруға және оны орта мерзімді перспективада біртіндеп төмендетуге мүмкіндік береді , — деп түсіндірді банк.