Түркияның оңтүстік шығысында жарылыс болып, 6 адам зардап шекті

Полицияның алдын ала дерегіне сүйенсек, 4 желтоқсанда Ақшақала ауданында орналасқан бес қабатты тұрғын үйде жарылыс болған. Қазандық үстіндегі бетон құлап, пәтерлердің терезелері мен жақтауларын қиратқан деп хабарлайды Jurnal Haber.

Өрт сөндірілді, алайда пәтерде болған 6 адам жарақат алды. Зардап шеккендер жедел жәрдем көлігімен Ақшақаладағы мемлекеттік ауруханаға жеткізілген.

Оқиғаның себебі мен салдары анықталып жатыр.