Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Жәрдемақы үшін банктің жеке сәйкестендіру кодын алу тәртібі жеңілдетілмек

Фото: eGov

Жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу мақсатында клиент атына жеке сәйкестендіру кодын ашу клиенттің уәкілетті органға берген өтініші негізіндегі мәлімет бойынша жүзеге асыруына жол беріледі. Бұл қызмет клиенттің қол қоюын талап етпейтін банк шотын ашу туралы өтінішіне теңестіріледі», — деп көрсетілген құжатта.

Енді азамат мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақыны алу үшін жергілікті уәкілетті органға жүгініп, тисті құжаттарды тапсырады. Жеке сәйкестендіру кодын ашу үшін ұсынылған ақпаратты құзырлы орган банкке жолдайды. Осылайша, азаматтың бұл процесске тікелей қатысып, қол қоюы міндетті болмайды. Алайда өтініш мақұлданып, жәрдемақы тағайындалса, клиент өзінің шотына түскен ақшаны бірден пайдалана алмайды. Ол үшін азамат банкпен қызмет көрсету шартын жасасуы қажет. Осыдан кейін қаржы операциялары функциясын қолдана алады.

Мақалаға реакция