Басты бет / Жаңалықтар /
Қонысбай Әбіл
Фото: Facebook әлеуметтік желісінен

Халық ақыны Қонысбай Әбіл дүниеден өтті

Қаралы хабар жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің Facebook-тегі парақшасында жарияланды.

…Астанадан таң бозымен тағы бір ауыр хабар жетті — арқалы ақын Қонысбай Әбіл дүниеден өтіпті! Жалған-ай!.. Қазақстанның Халық ақыны, атақты айтыскер, алты Алаштың ардақтысы, сөз сүлейі, сайыпқыран сатирик, қарымды қаламгер, тіл жанашыры, от ауызды, орақ тілді, сегіз қырлы, бір сырлы асыл азамат бұл пәниден бақиға көшіпті! Көкірегім қарс айырыла отырып, марқұмның отбасына, аяулы ақынын қадірлейтін халқымызға көңіл айтамын. Бақұл бол, досым! Жаның жаннатта болсын!”, — делінген жазбада.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook