Жезқазғанда істен шыққан екі қазандықтың бірі іске қосылды

Жезқазған әкімінің мәліметінше, түнгі 03:54-те 6-шы турбогенератор, ал таңғы 04:30-да қазандық агрегаты іске қосылған. Қазір Жезқазғандағы үйлер мен әлеуметтік нысандар 4 қазандық арқылы жылытылып отыр.

Қазіргі уақытта 4 қазандық (No6,7,9,11), сонымен қатар 3 турбоагрегат (6,7,8) жұмыс істеп тұр. ЖЭО-дан жылу бекітілген температуралық кестеге сәйкес шығарылады. ЖЭО штаттық режимге кірді, — делінген хабарламада.

Бүгін синоптиктердің болжамынша Жезқазғанда ауа температурасы -8 градусқа дейін төмендейді.