Бүгін Қазақстан президентін ұлықтау рәсімі өтеді

Рәсім кезінде орталық сайлау комиссиясы жаңа сайланған президентке Қазақстан Республикасы президентінің куәлігін тапсырады. Осыдан кейін президент Қазақстан халқына ант береді. Сол сәттен бастап қайта сайланған президент ресми қызметiне кiрiскен болып саналады.

Ұлықтау рәсімінің трансляциясы республикалық телеарналардан, интернет-ресурстардан, сонымен қатар «Ақорданың» әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарынан тікелей эфирде көрсетіледі. Көрсетілім Астана уақыты бойынша сағат 10:50-де басталады.