Тоқаевтың салтанатты ұлықтау рәсімі тікелей эфирден көрсетіледі

Ертең, 26 қараша күні Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсімінің трансляциясы республикалық телеарналардан, интернет-ресурстардан, сонымен қатар «Ақорданың» әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарынан тікелей эфирде көрсетіледі, — делінген хабарламада.

Көрсетілім Астана уақыты бойынша сағат 10:50-де басталады.

Айта кетейік, кеше 20 қарашада елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтті. Еліміздегі бүкіл сайлаушылардың 69% немесе 8 миллион 282 мыңнан астам адам өз таңдауын жасады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6 миллион 456 мың 392 сайлаушы немесе олардың 81,31%-і дауыс берген.