Кез келген спорт алдын ала дайындықты талап етеді. Ыңғайлы болатын киімін, тағы қосымша жабдықтарын сатып алу керек. Онсыз жаңа іске кірісіп кету де қиын. Осы ретте көп жылдан бері тау шаңғы спортымен айналысып жүрген Шахнұр Қазақ қысқы спорт түрлеріне киім мен жабдықтарды қалай таңдаған дұрыс екенін айтып берді.
Шаңғы мен оның бекіткіші
Шаңғы мен оның бекіткіші – бір бүтін нәрсе. Бекіткішсіз шаңғыға тұра алмайсыз.
«Сондықтан оларды бірге сатып алған жөн. Екеуін бір-біріне теңестіріп, өлшеп, киіп көрген дұрыс. Шаңғы мен бекіткішті сатып аларда дүкен кеңесшісімен де ақылдасыңыз», — дейді шаңғышы.
Сноуборд және оның бекіткіші
Сноубордта да дәл солай. Ол бекіткішсіз сноуборд емес. Бір жақсысы сноуборд тепкенде адамға таяқ аса қажет болмайды. Таяқ ұстау шаңғыда да міндетті емес.
Арнайы таяқ
«Шаңғы тебуді жақсы білетіндер көбіне таяқсыз-ақ жүреді. Бірақ шаңғыға енді баратын адамға таяқ керек. Себебі инструкторлар ең әуелі шаңғы тепкенде таяқты қалай ұстау керек екенін, оны шаңғы тебу кезінде қалай қолданатынын үйретеді», — дейді Шахнұр.
Спорт киімі
Шахнұрдың айтуынша, сноуборд тебуге барарда шалбардың сапалысын таңдау қажет. Себебі адам сноуборд тепкенде көбіне жамбасымен отырып қалады, құлайды.
«Сондай жағдайда шалбар жыртылып қалмауы үшін оның жақсысын алуды ұсынар едім. Меніңше, алғашқыда барлық киім мен жабдықты алу қиын болса, спорт костюмін алмай-ақ, тауға шыққанда киіп жүрген киімді пайдалануға болады», — дейді ол.
Шлем
Тау шаңғы спортында кәдімгі жылы баскиім аса қажет болмайды. Бірақ шлемді ұмытпау керек. Шаңғышының сөзінше, шлем ең біріншіден – қауіпсіздік. Ол адамды, бас сүйекті қорғайды.
«Шлемсіз шаңғы, сноуборд тебуге болмайды. Оның ішінен балаклава тағып алсаңыз, құба-құп. Ал шлемсіз жалпы тау спортына бармаңыз», — деді шаңғышы.
Көзілдірік
Консультанттың айтуынша, тау спортымен айналысқанда көзілдірік тағу керек. Әсіресе күндізгі уақытта. Көзді қорғайды әрі шаңғы тебу де ыңғайлы болады. Бірақ ол аса қажет болмайтын жағдайлар да бар.
«Шаңғы мен сноубордты бірінші рет тепкенде адам көзілдіріктің қажет екенін сезбейді. Себебі алғашқыда асықпай тепкендіктен қар да, басқа да бетке, көзге кедергі емес. Кейіннен шаңғы тебуді үйреніп, жақсы айналыса бастағанда, тау шаңғы спортына қызыққанда көзілдірік керек болады. Тіпті спортшылар мұндайда бетке арнайы, оны толық жауып тұратын масканы қажетсінеді», — дейді кеңесші.
Көзілдірік орнына визорды да қолдануға болады. Егер тау шаңғы спортымен айналысқысы келетін адамның бас формасы визор таққанға ыңғайлы болса, көзілдірік орнына соны ұсынады. Визорды шешу, көтеріп-түсіру де оңай. Оны көзілдіріктің үстінен тағуға да болады.
Қолғап
Кеңесшінің айтуынша, сноуборд тебуге барарда қолғапқа мән берген дұрыс. Дүкендерде арнайы сноубордқа арналған қолғап сатылады. Оның ерекшелігі – қолғаптың екі жағынан да пластик қорғанышы болуы.
«Әдетте сноубордист қолымен жерді тіреп, құлайды. Сол кезде қол жарақаттанбау үшін сноубордқа арналған қолғап бар. Соны сатып алуды ұсынамын. Таудағы серуенде спортшының жарақаттанбауы өте маңызды. Әсіресе сноубордист негізінен қолмен жұмыс істейтін мамандық иесі болса, онда қолын міндетті түрде осындай дайын жабдықтармен қорғауы керек. Қолына абай болуы керек мамандықтар ішінде музыканттар, жазушылар, аспаз, шебер және тағы басқалары бар», — дейді шаңғышы Шахнұр.
Кеңесші шаңғы мен сноуборд тебуді басынан бастап білетін адамнан үйрену керек екенін қоса кетті. Әсіресе шаңғы тебуді кеңесшімен бастаған жөн. Салыстырмалы түрде адамдар сноубордты шаңғыдан оңайырақ деп есептейді. Бірақ бұның бәрі әр адамның өзіне байланысты.
Шаңғышы мен сноубордистің киім-кешегі мен керек жарағын Jusan дүкеннен көріп, шамамен қанша теңгеге сатып алуға болатынын есептеп көрейік.
Бір адамның спорт киімі бір қарағанда қымбат көрінуі мүмкін. Бірақ сізде оны 24 айға бөліп төлеу мүмкіндігі бар. Мысалы, бір шаңғышының бүкіл жабдығы шамамен 400 мың теңге көлемінде шықса, тауарды Jusan дүкеннен 24 айға бөліп төлеу арқылы сатып алып, айына небәрі 17 мың теңге төлеуіңізге болады. Ол үшін сізге 10%-ға дейін бонус берілетінін де ұмытпаңыз. Ал 25-27 қараша күндері дүкенде өтетін Bonus Friday аясында төмендегі категориялар бойынша тіпті 15%-ке дейін бонус иеленуге болады:
Автокөлік тауарлары;
Асүй жабдығы;
Киім және аксессуарлар;
Балалар әлемі;
Денсаулық және күтім;
Үй жануарларына арналған керек-жарақ;
Үйге арналған тауарлар;
Техника және электроника;
Азық-түлік жеткізу және басқа да қызметтер.