Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Ғылым, мәдениет және медиа саласындағы 33 жасқа мемлекеттік грант беріледі

Дархан Қыдырәлі. Фото: ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі

Грант «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар, «Бизнес», «Медиа» бағыттары бойынша беріледі.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты 2021 жылдан бері президент тапсырмасымен жүзеге асырылып келеді. Жеңімпаздар — негізінен өңірлердегі жастар.

Сонымен қатар 10 номинация бойынша беріліп келе жатқан «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы иегерлерінің де аты-жөні жуырда белгілі болды. Бұл туралы үкімет қаулысы жуықта шыққан болатын.

«Отыз жыл ішінде 300-ден астам жас «Дарын» сыйлығының иегері атанды. Мұның ішінде маңғыстаулық жас таланттар да бар», — деді министр Дархан Қыдырәлі Ақтаудағы Zhas Project форумында.