Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Мирзиёев Тоқаевты дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуымен құттықтады

Фото: Аkorda.kz

Өзбекстан президенті осы кезеңде маңызды нәтижелерге қол жеткізіліп, халықтарымыз арасындағы достық байланыс нығая түскеніне назар аударған.

Соңғы жылдары біздің байланысымыз өзара сенім мен қолдау, зор құрмет және тату көршілік қарым-қатынас, сонымен бірге стратегиялық серіктестік пен одақтастық қағидаттарына сай қарқынды дамып келеді. Жоғары деңгейдегі ашық, конструктивті әрі белсенді диалог, сонымен қатар мемлекетаралық және үкіметаралық қарым-қатынастарды реттейтін тиімді практикалық механизмдер біздің өзара ынтымақтастығымызды нығайтуға берік негіз болатынын атап өткім келеді, – деп жазылған құттықтау жеделхатында.

Сонымен қатар Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 21-23 қараша күндері өтіп жатқан Өзбекстанның Қазақстандағы мәдениет күндері тарихы ортақ бауырлас халықтардың достық байланысын күшейте түсетінін айта келіп, бірлескен шаралар екі елдің көпжақты қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді.

Мақалаға реакция