Сұйытылған газ бағасын реттейтін құжат талқыланады

Мәжілістің жалпы отырысында экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Альберт Рау аталған құжаттың не үшін әзірленгенін түсіндірді.

Бұл заң жобасына парламент мәжілісі депутаттары сұйытылған газ саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мақсатымен бастамашы болды. Аталған заң жобасы сұйытылған газ бағасының қалыптасу процесі мен таратылуын нарық шарттарын ескере отырып реттеуге, көлеңкелі айналым мен өңірдегі сұйытылған газдың заңсыз шығарылуын болдырмауға бағытталған, — деді Альберт Рау.