Кайдзен: Бір минут ішінде не істеуге болады?

«Кайдзен» әдісі арқылы адам күнделікті әрбір бір минутын қандайда бір іспен шұғылдануға жұмсайды. Бір минут – бұл тым аз уақыт болып көрінуі мүмкін,  бірақ өзіңізге ыңғайлы және оңай жұмыстар тез әрі сапалы орындауға көмегін тигізеді.

Бұл қағида бойыңызда болса, сылтау айту сіздің қасиетіңізден аулақ болады. Тіпті жарты сағат ішінде бітіре алмаған немесе сол уақыт ішінде ала алмаған тыныштықты сізге «кайдзен» әдісі яғни «бір минут» бітіріп береді әрі тыныштықты да сыйлай алады.

1 минут ішінде (физикалық тұрғысынан):

– жіппен секіруге;

– іштің бұлшық етін шынықтыруға;

– гимнастикамен айналысуға;

– йогамен айналысуға;

– шет тілдегі кітаптың бір мәтінін оқып үлгеруге болады және сізге жақсы көңіл-күй сыйлайтын істермен айналыса аласыз.

1 минут ішінде ( руханият тұрғысынан):

– әлісіздікті жеңуге;

– өзіңізбен-өзіңіз қалуға;

– қателікпен жұмыс істеуге;

– терең тыныс алып, ойлануға;

– күйзеліспен күресуге болады және жан тыныштығын қалайтын істермен де шұғылдана аласыз.

ОйлануСөздің тарихы

Жалпы «Кайдзен» атауы Жапон елінде пайда болды. Сөздің шығу тегі екі түбірден біріккен. Қызығы ең түбірдің мағынасы екі түрлі. «Кай» – «үзіліс», «дзен» – «даналық» деген мағыналарды білдіріп, екі сөзден «даналық үзілісі» деген ортақ мән туындайды.

Бұл идеяның авторы – Масааки Имаи. Оның ойынша кайдзен – адамның бір күндік өмірінің сәтті өтуіне көмектесетін бір минуттық үзіліс.  Жапондықтардың үзіліссіз және күн бойына жұмыс жасауы, түнімен де сабылып жүрулері, ұйқысыз тыным таппай қызметке кірісулері де осы «кайдзен» тәсілінің арқасында жүзеге асып келеді.  Олар бір минуттық үзіліс арқылы өздеріне деген сенімді күшейтіп, қанағат табады.

Бірақ бұл мәдениеттің кәрі құрлыққа (Еуропа) әсер етуі шамалы. Себебі еуропалықтар демалудан бас тартпайтын, бәрін өз уақытында істеуде жөн көретін жандар.

Философтардың аталары батыста қалыптасқанымен олардың алған білімдері мен жеткен жетістіктері шығыстың халықтық философиясына негізделеді. Ендеше «Кайдзен» әдісін пайдаланыңыз. Әлем алдындағы бір минуттық үзілісті пайдаланыңыз.

1 минут өтіп кетті, ал сіз не істеп үлгердіңіз?

ДереккөзMassaget.kz