Алматының коммуналдық қызметі қысқы маусымға дайын

Оның айтуынша, қыс кезінде кәсіпорын мамандандырылған 704 техниканы жұмылдырады.

Қазіргі уақытта 173 құрамалы тазалау машинасының 156-сы (90%) жолдарды қыста күтіп ұстауға арналған қондырмамен алмастырылды. Сонымен қатар кәсіпорынның 728 жол жұмысшысы, 272 механизатор және 398 жүргізуші тартылады. Жалпы штат саны — 1 728 адам. Бұдан бөлек, күзгі-қысқы кезеңге қосалқы мердігерлер есебінен қала көшелеріндегі жапырақтар мен қарды шығару үшін 1 000-ға жуық жол жұмысшысы және 200-ге жуық арнайы техника тарту жоспарланған,- деді Тоқтасынов.

«Алматы тазалық» мекемесінің директоры кәсіпорынның 7 өндірістік және 7 құм базасы бар екенін айтты. Олар қажетті материалдық-техникалық ресурстармен жабдықталған.

Жолға көктайғаққа қарсы материал себу үшін 15 мың тонна тұз және 38 мың тонна сүзгі сатып алу жоспарланған. Оның ішінде 17 мың тоннаға жуық тұз және 38 мың тонна тұз қалдығы дайындалды. Қосалқы мердігерлер 2 124 тонна тұз, 9 700 тонна тұз қалдығын әзірлейді, — деді спикер.

Жыл соңына дейін коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы 669,3 миллион теңгеге 17 техника сатып алуды жоспарлап отыр .

Биыл кәсіпорын есебінен 263,6 миллион теңгеге 22 техника сатып алынды. Бұл трактордың жартылай тіркемесі, битум пеші және тағы басқалары,- деді Әділет Тоқтасынов.