Министр: Ұлықтау рәсіміне қосымша қаражат бөлінбейді

Президенттің ұлықтауына біз бюджеттен қосымша қаражат бөлген жоқпыз. Өздеріңіз білетіндей, ол президенттің ресми түрде конституциялық заң бойынша президент лауазымына өтуіне байланысты ант беруі. Оған көп қаражат кетеді деп ойлаймын. Сондықтан, оған біздің тарапымыздан көп қаражат бөлінбейді, — деді Жамаубаев үкімет кулуарында.

Айта кетейік, кезектен тыс президент сайлауында жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі 26 қарашада өтеді.