Назарбаев Тоқаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Сізді Қазақстан Республикасының президенті сайлауындағы айқын жеңісіңізбен риясыз көңілмен құттықтаймын! Бұл – мемлекет басшысы ретіндегі беделіңіздің айшықты айғағы, сонымен қатар ауқымды реформаларыңыз бен тың бастамаларыңызға және тәуелсіздік тағдыры таразыға тартылған сын сағатта көрсете білген табанды да шешімтал мінезіңізге, ақыл-парасатыңызға деген халықтың қалтқысыз сенімінің даусыз дәлелі, — делінген құттықтауда.

Сонымен қатар бұрынғы президент Тоқаевқа алдағы уақытта да баршаның алғыс-ризашылығы мен құрметіне бөлене беруіне тілектес екенін жеткізді.

Айта кетейік, еxit poll нәтижелері бойынша Тоқаев сайлаушылардың 82,45% дауысын жинады.