Республикалық маңызы бар тасжолдардың бәрі ашық

Қысқы күтіп-ұстау аясындағы жұмыстар күшейтілген режимде жалғасып жатыр. Республикалық маңызы бар жолдарда күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруға 270 бірлік арнайы техника мен 440 жолшы маман жұмылдырылды, — делінген хабарламада.

Айта кетері, кеше сағат 23:30-дан Батыс Қазақстан өңірінде ауа-райының нашарлауына байланысты “Орал-Тасқала” тасжолының 4-104 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілген еді.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мамандары жолдағы өзгерістерге жедел ден қою мақсатында тәулік бойы мониторинг жүргізуді жалғастырып жатыр.