Елімізде жұмыртқа бағасы бір айда 6,3% өсті

Елімізде жұмыртқа бағасы бір айда 6,3%, ал жылдық өсімде 14,8% өскен. Бір айда бағаның ең үлкен өсімі Ұлытау (19,8%), Павлодар (14,7%) және Қызылорда облыстарында (13,6%) тіркелген. Ең төменгі баға Алматы облысында, мұнда 0,4% өскен.

Бір жыл ішінде Қызылорда облысында жұмыртқа қатты қымбаттаған, яғни баға 52,2% көтерілген. Одан кейін Қостанай облысында 34,1% өскен. Ал Алматыда баға керісінше 4% төмендеген.

Жыл басынан бері елде 3,8 миллиард жұмыртқа өндірілген, бұл былтырмен салыстырғанда, 5,3% көп. Өңірлер арасында өндірісте СҚО көш бастап тұр, мұнда 559,9 миллион жұмыртқа өндірілген. Биылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар жұмыртқаға сұранысты 96,3% қамтамасыз еткен. Ал импорт 3,7% болған. Елге жыл басынан бері 130,8 миллион жұмыртқа әкелінген. Сонымен қатар экспорт 2,2 есеге өсіп, 184,5 миллионға жеткен.