Қарағанды ​​маңында 14 жүк вагоны рельстен шығып кетті

17 қарашада сағат 6:15-те Қарағанды ​​облысының Қарағанды-Сортировочная-Ақадыр учаскесінің Қарабас — ОП 767 учаскесінде жүк пойызының 14 вагоны рельстен шығып кетті. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, — делінген хабарламада.

Бұл учаскеде жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Алдын ала болжам бойынша, рельстен шығу жеке меншікке тиесілі вагондардың дұрыс жұмыс істемеуінен болған. ҚТЖ-да болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Оқиға орнына Қарағанды, Жаңаарқа, Астана станцияларының үш қалпына келтіру пойызы жұмылдырылған.