Украинада қазақстандықтар үшін сайлау учаскесі болмайды

Украинадағы жағдайға байланысты бұл жолы сайлау учаскесін ашпадық. Сондықтан, олар қаласа көрші елдерге – Молдоваға немесе Польшаға барып, сол жерде дауыс бере алады. Бірақ ол үшін елшіліктерді алдын ала хабардар ету керек. Оларға бірқатар бюллетень дайындалды, — деді СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, өткен президенттік сайлауда шетелде жүрген кейбір қазақстандықтарға бюллетень жетпей қалған.