2023 жыл Түркі өркениетін дамыту жылы болып жарияланды

Өзбекстан басшысы ұйымға мүше елдер үшін көне түркі өркениетінің баға жетпес мұрасын сақтау, зерделеу және болашақ ұрпаққа жеткізу маңызды екенін атап өтті.

Түркі әлемінің таңқалдырар ұлы тарихы, ата-бабасы, теңдесі жоқ байлығы бар. Түркі әлемінің болашағы зор екеніне сенімдімін. Біз бұл келешекті еңбекқор, жомарт, текті халықтарымызбен бірге құратынымыз сөзсіз, – деді Өзбекстан басшысы.

Ол көне Самарқанд қаласында өткен саммит түркі әлемі өркениетінің жаңа тарихтағы жаңа кезеңіне бастау болатынын атап өтті.

Бүгін осы игі идеяны көрсететін Самарқанд декларациясы қабылданады. Сонымен қатар ұйым мүшелеріне 2023 жылды Түркі өркениетін дамыту жылы деп жариялау туралы ұсынысымызды қолдағаны үшін алғысымды айтқым келеді, — деп түйіндеді сөзін Мирзиёев.

10-11 қарашада Самарқандта Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті өтіп жатыр.

Жиынға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан басшылары қатысып жатыр. Венгрия мен Түрікменстан өкілдері саммитке бақылаушы ретінде қатысып отыр.

Түркі кеңесі 2009 жылы құрылған. Бастапқыда оның құрамына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия кірді. Өзбекстан одаққа 2019 жылы қосылды.

2021 жылдың қарашасында кеңес Түркі мемлекеттерінің ұйымы болып өзгерді. Самарқандтағы саммиттен кейін ұйымға төрағалық ету мәртебесі Түркиядан Өзбекстанға өтеді.