Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Қазақстан барлық мемлекеттердің аумақтық тұтастығын қолдайды, сонымен қатар БҰҰ жарғысын қатаң сақтау қажет деп санайды. Бұл еліміздің негізгі мүдделеріне толық сәйкес келетін қажетті қағида. Сондықтан біз осы қағидаға басымдық береміз, — деді Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде.
