Алматыда аялдама кешендеріне табло орнатылады

Қала әкімімен кездесуге келген Жетісу ауданының тұрғыны қаладағы аялдамалар мәселесіне тоқталды.

Қоғамдық көлікті жиі пайдаланушы ретінде қоғамдық көлікті бақылайтын табло орнатуыңызды сұраймын, — деді аудан тұрғыны.

Ерболат Досаев аялдама кешендерін табломен жабдықтау үшін бюджеттен ақша бөлінетінін айтты.

Қала аялдамаларына таблоларды 2023 жылдан бастап қоямыз. Келесі жылы 2 мыңдай табло орнатуды жоспарлап отырмыз. Бюджеттен ақша дайындап қойдық. «Оңай» траспорттық холдингімен қосылып, автобустардың жүру кестесін, нөмірлерін таблоға енгіземіз, — деді қала басшысы.