Сенат үш жылдық бюджетке түзетулер енгізіп, мәжіліске қайтарды

Заң жобасын талқылау барысында сенаттың қаржы және бюджет комитетінің төрағасы, сенатор Серікбай Тұрымов, ең алдымен, қазіргі кездегі бюджетаралық қолданыстағы әдістеме өңірлердің әлеуметтік-экономикалық параметрлерін нақты теңестіруді қамтамасыз ету мақсатында одан әрі жетілдіруді талап ететінін атап өтті.

Екіншіден, өңірлерге үлкен қаржылық дербестік беру, бюджеттік процестердің ашықтығын қамтамасыз ету және өңірлер басшыларының қаржылық мәселелердегі жауапкершілігін арттыру мақсатында қолданыстағы салық және бюджет заңнамасына өзгерістер енгізу қажет деп есептейміз. Осы заң жобасын талқылау барысында тұрақты комитеттер мен депутаттардан бірнеше ұсыныс келіп түсті. Олар салыстырмалы кестеге енгізілді. Баяндалғанның негізінде қаржы және бюджет комитеті салыстырмалы кестені қарауды және «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2023-2023 жылдарға арналған жалпы трансферттердің көлемі туралы» заң жобасына өзгерістер енгізу үшін мәжіліске жіберуді ұсынады, — деді Серікбай Тұрымов.

Осыдан кейін заң жобасына мәжіліс мақұлдаған баптар қабылданды. Сонымен қатар сенат енгізген түзетулер мәжіліске жіберілді.