Сатыбалдыұлының ісі: бюджетке 230 миллион доллар қаржы қайтарылды

Ведомство мәліметінше, тергеу әлі де жалғасып жатыр.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде алыс шет елдерде фигуранттарға тиесілі, құны 230 миллион АҚШ долларынан асатын, мемлекет кірісіне айналдырылған эксклюзив асыл тастар мен зергерлік бұйымдар орнатылып, елге қайтарылды, — делінген Антикор хабарламасында.

Сонымен қатар Қайрат Сатыбалдыұлының шетелдік бағалы қағаздарға 300 миллион АҚШ долларын салу дерегі анықталды. Көрсетілген сома жақын арада Қазақстан бюджетіне түседі.