Смайылов: ТМД елдері ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын пысықтап жатыр

Біз барлық мемлекеттің ұлттық мүдделеріне жауап беретін ТМД аясындағы терең серіктестік бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты оң бағалаймыз. Қазіргі қиын жағдайда Достастықтың бір орында тұрмайтыны, ынтымақтастығымыздың жаңа бағыттарын пысықтау жүріп жатқаны қуантады, — деді Смайылов.

Осы орайда ҚР үкімет басшысы ТМД елдерінен келген әріптестерінің бірлескен табысты жұмыстарына алғыс айтты.

Сонымен қатар ТМД атқару комитетіне Қазақстанның төрағалық ету кезеңінде іс-шараларды ұйымдастыруда тиімді үйлестіргені үшін алғыс айтқым келеді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық әріптестерімнің атынан Сергей Николаевич Лебедевті алдағы үш жылдық кезеңге ТМД Аақарушы комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалуымен құттықтағым келеді, — деді үкімет басшысы.